«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII Заңы

Предыдущая страница

1) осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, қызметтік қаруды қолдану ниеті туралы ескерту жасауға (дауыстап ескерту және ескерту ретінде жоғарыға қарай оқ ату);

2) қызметтік қаруды қолдануды кешіктіру жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамның, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамының және қорықшының өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін не ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін жағдайлардан басқа, талаптарды орындау үшін жеткілікті уақыт беруге;

3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамның, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамының және қорықшының қызметтік қаруды қолдануға мәжбүр болатын жағдайларда, қалыптасқан жағдай мен қол жеткізілуі тиіс мақсатты негізге алып, оны қолдану мүмкіндігін барынша азайта отырып, ұстамдылық танытуға;

4) арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды қолданудан зардап шеккен адамға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетуге, ал қажет болған жағдайда оны медициналық ұйымға жеткізуге;

5) айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауға міндетті.

6. Әйелдер, мүгедектік белгілері анық адамдар, жасы белгілі немесе анық көрініп тұрған кәмелетке толмағандар қаруланып шабуыл жасаған немесе жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамның, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамының және қорықшының өмірі мен денсаулығына олардың тарапынан нақты қауіп төнген жағдайларды қоспағанда, оларға қатысты арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды қолдануға тыйым салынады.

7. Қызметтік қару мен арнаулы құралдарды қолдану дене жарақатын салуға, сондай-ақ адамдардың қаза болуына немесе ауыр зардаптарға алып келген әрбір жағдай туралы оқиға болған жердегі тікелей басшылар, прокуратура және ішкі істер органдары жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей хабардар етіледі.»;

22) 53-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз аулау құралдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, аулау құралдарының тыйым салынған түрлерін және заңсыз ауланған жануарлар дүниесі объектілерін, олардың дериваттары мен тіршілік ету өнімдерін, жүзу және көлік құралдарын сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін алып қою туралы хаттама шығарады.»;

23) 55-баптың 2-тармағында:

4) тармақшадағы «құралдарын» деген сөз «құралдарын тоқтату және жете тексеру» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды сақтау, алып жүру және қолдану;»;

8) тармақшада:

«атыс қаруын» деген сөздер «атыс қаруы мен аулау құралдарын» деген сөздермен ауыстырылсын;

«объектілері мен» деген сөздер «объектілерін, олардың дериваттарын, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақ алып тасталсын;

5-тармақтағы «және қызметтік қарумен» деген сөздер алып тасталсын;

24) 56-баптың 2-тармағында:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметтік қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға;»;

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) айырым белгілері бар арнаулы киім киюге;»;

6-тармақтың 24) тармақшасының алтыншы абзацы 2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі

6) тармақша «тоқтатуға» деген сөзден кейін «және әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілерін анықтау мақсатында оларды қарап-тексеруге, заттарды қарап-тексеруге» деген сөздермен толықтырылсын.

7. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1-баптың 13) тармақшасы «аквашаруашылықты» деген сөзден кейін «, аң-құс өсіруді» деген сөздермен толықтырылсын.

8. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 23-баптың 2-тармағының екінші бөлігі 5) тармақшасындағы «үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді.» деген сөздер «үшін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген жер учаскелерінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселенген мөлшеріндегі инвестицияларды көздейтін және стандарттау саласындағы уәкілетті орган бекіткен экологиялық туризм саласындағы ұлттық стандартқа сай келетін туризмді дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді. Бұл ретте осы жерлерді пайдалану Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 138-бабының төртінші бөлігіне сәйкес те жүзеге асырылуға тиіс.»;

2) 46-баптың 2-тармағындағы «жиырма бес» деген сөздер «қырық тоғыз» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 69-бапта:

1-1-тармақтағы «және балық аулауға» деген сөздер «, балық аулауға және фермерлік аңшылық шаруашылығын жүргізуге» деген сөздермен ауыстырылсын;

«шегінде» деген сөзден кейін «(фермерлік аңшылық шаруашылығын жүргізуді қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;

1-2-тармақтағы «(ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, шөп шабу, мал жаю) және бал ара шаруашылығына» деген сөздер «(ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, шөп шабу, мал жаю, бал ара шаруашылығы) және фермерлік аңшылық шаруашылығын жүргізуге» деген сөздермен ауыстырылсын.

9-тармақ 2026 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

9. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1-баптың 3-тармағы 3) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«16-1) иесіз жануарлар - иесі жоқ немесе үй жануарлары есебіне алынбаған иттер мен мысықтар;».

2-бап. Осы Заң:

1) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9-тармағын;

2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3 және 5-тармақтарын, 6-тармағы 2) тармақшасының он төртінші және он бесінші абзацтарын, 8) және 9) тармақшаларын, 16) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 17) тармақшасын және 24) тармақшасының алтыншы абзацын;

3) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағы 2) тармақшасының он екінші және он үшінші абзацтарын, 11) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 15) тармақшасының төртінші - жетінші абзацтарын;

4) 2027 жылғы 16 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағы 2) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтарын және 12) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Президенті

 

        Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 19 маусым

             № 317-VIII ҚРЗ